«Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында семинар болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында  «Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында семинар  ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық сот судьялары мен кеңсе қызметкерлер қатысты.                

Аудандық сот судьясы Қ.Мыханов аталған тақырыпта баяндама жасап, әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары, әкімшілік жаза түрлері, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары жөнінде түсініктеме берді.             

Шара соңында судья Қ.Мыханов қатысушыларға барлық уақытта заң талаптарын сақтауды, сондай-ақ жұмыста сәттілік тіледі.                                      

Өз кезегінде қатысушылар өздерінің ойымен бөлісіп, пайдалы ақпараттарды алғандарын жеткізді. 

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі