Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық  сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғанындай, азамат К. алкогольдік масаң күйде, өзінің тұрғылықты үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің анасына былапыт сөздер айтып, осы әрекетімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот мәжілісінде тараптар кәсіби медиатордың қатысуымен медиациялық келісімге келіп, сотқа  дауды медиациялық келісіммен аяқтау туралы келісімді ұсынған.                                                                                       

Сот қаулысымен әкімшілік іс тараптардың медиациялық келісімге келулеріне байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі