Сс, 18/07/2017 - 09:44
Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. өз үйінде жанжал шығарып, заңды некедегі әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат К-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.