Қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы және ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылгы 5 мамырдағы бірлескен бұйрығымен бекітілген «Келушiлер ушiн өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары»  талқыланды.

Семинарда сот приставы А.Мусав өз баяндамасында бүгінгі күнде сот ғимараты металл детекторы, бейнебақылау жүйесі, өрт сөндіргішпен қамтамасыз етілгенімен, қауіпсіздік мәселесі аса маңызды екенін атап өтті.

Семинар соңында сот ғимаратында қауіпсіздік шараларын және өткізу режимін  күшейту туралы  шешім қабылданды.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі