Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер Б-дан 22372 теңге өндіру туралы талап арызы  оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен  қаралды.                                     

Іс құжаттарына қарағанда, талап қоюшы мен жауапкер арасында телекоммуникациялар қызметтерін көрсету туралы шарт жасалып, жауапкер халықаралық, қала аралық байланыс үшін төлеуге міндетті болған. Алайда, жауапкер 2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін, көрсетілген телекоммуникация қызметтері үшін 22 372 теңге ақысын төлемеген.                                  

Сот белгілеген 15 жұмыс күні ішінде жауапкерден талап арызға қарсылығы немесе онда көрсетілген мән-жайларды жоққа шығаратын дәлелдемелері түскен жоқ.                                                                                      

Іс құжаттарын зерттеп, сот талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.                                                                                                          

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі