Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «Қ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Н» жеке кәсіпкерінен 253 800 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарына сәйкес,  2015 жылдың 15-сәуірінде тараптар арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

ҚР АК-нің 272-273-баптарына сәйкес, міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Сот аталған істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауды ұйғарып, талапты толығымен қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.                                              

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі