Ірі мөлшерде алаяқтық жасаған азаматша сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен, 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыс жасаған  сотталушы А-ға қатысты іс қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. азаматша И-дан жалға алған пәтерді өз атынан сатуға интернет желісіне шығарып қойған, содан кейін сатуға қойған пәтерін жәбірленуші Е. алатын болып келісіп 1 500 000 теңге беріп, аталған пәтерді сатып алған. Нәтижесінде жәбірленуші Е-ге 1 500 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Бұдан кейін,жәбірленуші Г-ға 3 000 000 теңге несие алып бере алатындығын жалған айтып, 300 000 теңгесін алдап алып, өз пайдасына жаратып жіберіп, алаяқтық жасаған.

Сот, сотталушы А-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті мүлкін тәркілеп, 5  жыл 3  айға бас бостандығынан айырып, КК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сай Қызылорда қаласының № 2 сотының 22.08.2016 жылғы үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы түпкілікті мүлкін тәркілеп 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі