Халықаралық шарттарға қатысты брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьясы С.Утегенова БАҚ өкілдерінің қатысуымен көші-қон заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы брифинг өткізді.

ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен шетел азаматтарының (азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртібі, Қазақстан Республикасында тұрақты және уақытша болу құқықтарына құжаттарды ресімдеуі, Қазақстан Республикасының шетелдіктердің аумағында жүруі және транзитпен өтуі, болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығаруы айқындалған.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабымен көзделген.

Өткізілген талдау нәтижесі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің көбі Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты қозғалып қаралғаны көрінеді.

2017 жылдың 5 айының статистикалық есебі бойынша сотта қаралған жалпы істер саны – 2870 іс болса, оның 1118-і халықаралық шарттардың қолдануымен қаралған.

Сонымен қатар, судья С.Утегенова Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінен басымдығын және олар тікелей қолданылатындығын атап өтті.

Брифингтің қорытынды бөлігінде судья БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптарын берді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі