Есірткі затын заңсыз сақтаған сотталушы жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтаған сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты.

Іс құжаттарына сәйкес, Қызылорда қаласы, Махамбетов көшесінің бойынан азамат Б-ны полиция қызметкерлері тоқтатып, жеке басына тінту жүргізу барысында шалбарының беліне қыстырылған заңсыз сақтаудағы 38,43 грамм есірткі заты марихуана алынып, полиция қызметкерлерімен хаттама толтырылған.

Сотталушы жасаған қылмысын мойындап, шын ниетпен өкінетіндігін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 (жүз) сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі