Есірткі затын заңсыз өсіріп, сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, «Көкнар-2017» жедел профилактикалық іс-шара барысында Қызылорда ОІІД-нің ЕБҚКБ-ның қызметкерлерімен Қызылорда-Құмкөл тас жолының 17-ші шақырым жерінен шығысқа қарай 5-7 шақырым жерде, қалың жиде талдардың арасынан есірткі алқабы анықталып, ол жерден сотталушы А. ұсталған жерден 78-түп ерекше иісі бар өсімдік анықталып, оның 63 түбі сол жерде от қою арқылы жойылып, 15 түбі сараптама тағайындау үшін заттай дәлелдеме ретінде алынған.

Одан бөлек сотталушы А. алқап басынан есірткі сора өсімдіктерін аса ірі мөлшерде алып, сол жерде кептіріп, жайып қойған жерінен ерекше иісі бар кептірілмеген және кептірілген марихуана заттай дәлелдеме ретінде алынған.

Сотталушы құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде егіп, өсірген, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, оларды сақтаған.

Сотта сотталушы А. кінәсін мойындап, өзіне қатысты жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Қызылорда қаласының № 2 сотының үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, оларды сақтаған), ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3 тармағымен (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде егіп, өсірген) кінәлі деп танылып, түпкілікті 5 (бес) жыл 3 (үш) айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі