«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілген көтерме жәрдемақыны өндіру жайлы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында талапкер «Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілген көтерме жәрдем ақыны мемлекет пайдасына өндіру жөніндегі 6 талап арызы оңайлатылған  іс  жүргізу  тәртібімен  қаралды.

Атап айтсақ, мысалы талапкер «Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің басшысы арасында көтерме жәрдемақы алу үшін жауапкер М-мен екі жақты келісім жасалғанын.

Жауапкер М. бүгінгі күні Сырдария аудандық білім бөлімінің «Аманкелді ауылдық әуез мектебі» МКҚК-нан  2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз еркімен жұмыстан босатылып, 23.05.2016 жылғы келісімде көрсетілген көтерме жәрдемақы алушысына қойылған міндеттемелерді орындаудан жалтарғанын, талапкер ауылдық елді-мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шарасы негізінде 148470 теңге мөлшеріндегі көтерме жәрдемақыны жауапкер М-дан мемлекет пайдасына өндіруді сұрайтындығын  көрсеткен.

Сот, аталған мән-жайларға байланысты және жауапкердің сот белгілеген мерзімде тараптар арасындағы жасалған келісім шарт талаптарын тиісінше орындағанын дәлелдейтін құжаттарды табыс етпеуін ескере отырып, талап қоюшы «Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-нің жауапкер М-дан көтерме жәрдемақыны өндіру жөніндегі талап арызы қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекет пайдасына көтерме жәрдемақы 148470 теңгені және 4454 теңге мемлекеттік баж салығын  өндіру туралы шешім шықты.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан