Бұзақылық жасаған қызға жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы А-ның қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, айыпталушы Ә. кафе ішінде жәбірленуші С- ға себепсізден-себепсіз тиісіп, шашынан тартып, көзінен ұрып, аяғымен теуіп, жәбірленушінің денсаулығына «жеңіл дәрежелі» зиян келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы А-ның айыбы, өзінің кінәсін толық мойындап берген жауабы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындыларымен, істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 1  жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі