Бұрынғы жер қатынастары бөлімінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында алаяқтық жасаған бұрынғы жер қатынастары бөлімінің бас маманы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сотталушы К. танысы С-мен кездесіп, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқық бұзушылық жасау ниетімен, әңгіме барысында саяжайдан жер учаскесін алып бере алатынын айтып, ол үшін «сыйақысы ретінде 300 000 тенге берсең болды» деп, соңғының ақшасын алдап алып, жәбірленушіге мүліктік шығын келтірген.

Өз қылмысын одан әрі жалғастырған сотталушы К. 2015 жылдың қаңтар айының аяғында делдал Ж. арқылы оның танысы Д-мен танысып, оған жер учаскесін алып беремін деген уәжбен соңғының 500000 теңгесін алдап алып кетіп, жәбірленушіге мүліктік зиян келтірген.

Сотталушы К-ның жәбірленушілер Ж. мен Д-ның ақшаларын алдап алып, олардың қаражаттарын бас пайдасына жаратып жіберіп, ақшаларын қайтару ниетінің болмағандығы сотта өз дәлелін тапты.

 Сот үкімімен, сотталушы К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, заңсыз жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған түпкілікті 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі