Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау тәртібімен қаралған қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Д.Кентбаев жеке айыптау тәртібімен қаралған қылмыстық істерге тоқталып, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотта аталған санатта 27 адамға қатысты 13 қылмыстық іс қаралып, 2 адамға қатысты айыппұл жазасы тағайындалғанын, 12 адамға қатысты ақтау үкімдері шығарылғанын, ал, 13 адамға қатысты  қылмыстық істердің іске қатысушылардың татуласуына байланысты қысқартылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, ақтау үкімдері шығарылып, қаралған қылмыстық істер бойынша ақпарат беріп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі