Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация тәртібімен қаралған істер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Н.Бекетаев медиация тәртібімен қаралған істерге тоқталып, 2017 жылдың 5 айында аудандық сотта 16 қылмыстық іс, 28 азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты қысқартылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, медиация тәртібімен қысқарған ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен қаралған Р-ға қатысты қылмыстық іс бойынша және талап қоюшы А-ның жауапкер Р-дан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы қаралған азаматтық ісі бойынша ақпарат беріп, журналистердің  қойған сауалдарына жауап берді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі