Байқоңыр қалалық сотында «Тіл мәртебесі –ел мәртебесі» атты «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотының мамандары мен «қазақ тілі» қоғамы Байқоңыр филиалының төрайымы Б. Калиянованың қатысуымен  «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты – Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді еркін игеру жөніндегі жұмыстарын оңтайландырып, тілдің даму сипатын жетілдіру және жаңғыртуға қолдау болу.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлеп, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет»,- деген болатын.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар өткізілген іс-шара бойынша пікірлерін білдіріп, осы бағытта шараларды жиі өткізіп отыру жөніндегі ниеттерін жеткізді. 

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі