Байқоңыр қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы» тақырыбы  бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға қалалық соттың төрағасы м.а Е.Шевцова, судья К.Нурпейсова, кеңсе меңгерушісі м.а А.Токешова  және сот қызметкерлері  қатысты.

Семинарды қалалық соттың төрағасы м.а Е.Шевцова ашып, баяндама жасады. Баяндамасында 18 қараша 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударды.

Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

Төраға м.а Е.Шевцова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда екендігін айтты.

Семинар жұмысын қорытындылап, сот төрағасын м.а Е.Шевцова қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керектігін қатаң тапсырды. 

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі