Байқоңыр қалалық сотында 2017 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында ағымдағы жылдың 6 айында қалалық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға қалалық соттың төрағасы мен «Тәуекел туы» газетінің өкілі қатысты.

2017 жылдың 6 айында қалалық сот өндірісіне 51 қылмыстық іс, 132 әкімшілік іс,  355  азаматтық іс түскен.

Есепті мезгілде 51 іс бойынша 32 адамға үкім шығарылған, 16-і сот өндірісінде тоқтатылған, 2 іс соттылығы бойынша жолданған. 1 іс ҚПК-нің 623 бабы негізінде, судьяның прокурор, сотталушы, қорғаушы арасында жасалған кінәні мойындау жөніндегі процестік келісіммен келіспеуіне байланысты қайтадан процестік келісім жасау үшін прокурорға қайтарылған

Осы кезеңде 355 азаматтық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 224 шешім, 76 сот бұйрығы шығып, 13 арыз қараусыз қалдырылып, 39 іс сот өндірісінен тоқтатылып, 3 азаматтық іс басқа соттың қарауына жолданған.

Сотқа түскен  әкімшілік істердің  ішінде 132 іс оның 56-не айыппұл салынған,  46-не қамауға алынған, 22-не арнайы құқығынан айыру жазасы тағайындалған, 3-не ескерту түрінде жаза қолдану туралы, 5-не Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығару туралы қаулы қабылданған.

Сот төрағасы  бүгінгі таңда барлық қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот отырыстары 100%  үн-бейне жазба құрылғысын қолданумен өткізілгендігін айтты.

Жиын соңында сот төрағасы М.А.Тұрғанбаев БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап берді.                                              

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі