Басқаруға құқығы жоқ бола тұра автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 8-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азаматша А. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, ҚР жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік масаң күйде Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесінің бойында өзінің автокөлігін басқарып құқық бұзушылық жасаған үшін оған қатысты хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған.

Оның кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, құқық бұзушының «орта» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғанын бекітетін медициналық куәландыру қортындысымен дәлелденді.

Сот құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 200 /екі жүз/ АЕК көлемінде  453 800 /төрт жүз елу үш мың сегіз жүз/ теңге айыппұлды 30 пайызға қысқартып, 317 660 (үш жүз он жеті мың алты жүз алпыс) теңге салды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі