БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ақмешіт Ақшамы» газеті тілшісінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша пресс-конференция өткізілді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне 2017 жылдың 6 айында 43 адамға қатысты 25 қылмыстық іс, 378 талап арыз (арыз)  және 138 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскен.

Сот өндірісіне 25 қылмыстық іс 43 адамға қатысты түсіп, өткен жылдан қалдықта 1 қылмыстық іс қалған. Барлық қылмыстық істер сот өндірісіне қабылданып, оның 21 қылмыстық іс 39 адамға қатысты қаралып аяқталған.

Үкім шығару арқылы 31 адамға қатысты 16 қылмыстық іс, қаулы шығару арқылы 8 адамға қатысты 5 қылмыстық іс аяқталған, 1 адамға қатысты 1 іс прокуратураға тергеу амалдарын жүргізу үшін жолданған. Медиация тәртібімен 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс аяқталды;

Сот үкімімен тағайындалған жазалар бойынша шартты түрде сотталған 16 адам, бас бостандығынан айырылған – 4 адам, бас бостандығынан шектелген – 6 адам, 2 адамға айыппұл түріндегі жаза берілді, 1 адам медициналық емдеуге жолданды, 9 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сот өндірісінде көп эпизотты  қылмыстық іс қаралды, соның бірінде: кәмелетке толмаған сотталушы Р. өз қылмысын жалғастыру мақсатында Қызылорда қаласында орналасқан саябақтардың бірінде бұрын соңды танитын жәбірленуші С-ны кездестіріп, пневматикалық тапаншасын қолданып, бұзақылық жасауға ниеті туындаған.

Содан, кәмелетке толмаған сотталушы Р. өз қылмыстық құқық бұзушылық ниетін жүзеге асыру мақсатында, жәбірленуші О-ға ешнәрсе айтпастан өзінің барсеткасының ішінен пневматикалық тапаншасын алып, жәбірленуші О-ның бетінен бірнеше рет атып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сөйтіп, кәмелетке толмаған сотталушы Р.  ҚР ҚК-нің 293 бабының 3 бөлігінің 2 тармағында көзделген қылмысты жасаған.

Осыған ұқсас бірнеше қылмыстар жасаған үшін 06.04.2017 жылғы сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы Р.  5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Азаматтық істер бойынша:

2017 жылдың 6 айында сотқа 378 талап арыз (арыз) түскен.

Қаралып аяқталған азаматтық істер саны – 311, оның ішінде шешіммен аяқталған істер саны – 253, 224 азаматтық іс бойынша қанағаттандыру туралы шешім шықса, 29 іс бойынша қанағаттандырудан бас тартылған, медиация тәртібімен 19 іс аяқталған

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша: Сот өндірісіне 138 әкімшілік іс түсті.  122 іс бойынша әкімшілік айыппұл салынса,15 іс қысқартылған, 1 іс бойынша құқық бұзушыға ескерту берілді;

Іс-шара соңында төраға Қанатбек Абдуллаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық жауап беріп, алдағы уақытта бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі