Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен жайын анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес талапкер У. сотқа жауапкер Н-ға қатысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы талап арыз берген.

Алдын ала сот отырысында талапкер мен жауапкер сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш берді.

Тараптар дауды ҚР-ның «Медиация» заңына сәйкес реттеп, соттан келісімді бекітуді сұраған.

Сот, тараптардың пікірін тыңдап, іс-құжаттарын зерделеп, дауды медиация тәртібімен реттеуді жөн деп тапты.

Сөйтіп сот ұйғарымымен азаматтық іс тоқталылып, кәмелетке толмаған Б-ның тұрғылықты мекен-жайы әкесімен бірге белгіленді.      

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі