Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 28 шілде күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72437) 21-3-94 номеріне хабарласуына немесе Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Теренөзек кеңті, Абай көшесі 24 мекен-жайынан ақпарат алуына болады.

  

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі