«Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті. Қабылдауды сот төрағасы М.Ш.Ибрашев жүргізді.

«Ашық есік күніне» Қызылорда қаласының жастарымен жұмыс Ресурстық орталығында қызмет атқаратын жастар қатысты.

Сот төрағасы «Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетін арттыру, халықтың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыратындығын атап өтті.

Бірінші рет сот ғимаратына келіп отырған жастардың соттың қандай істерді қарайтыны, істерді қарау мерзімінің ұзақтығы, сот жұмысында кездесетін қиындықтар туралы жайттар қызықтырды.

Аталған  шара сотта айына бір рет өткізіледі. Кез келген азамат сотқа келіп, өзін толғандырған сұрақтарына жауап ала алады.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі