Анасына былапыт сөйлегені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабымен азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйінде, өз үйінде, анасының мазасын алып, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен, 2017 жылдың 12 маусымында тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында өзіне шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азамат С-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.          

Құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен 5 (бес) тәулік мерзімге  әкімшілік  қамауға  алынды. 

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі