Анасын өлтіріп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 30 жастағы жігітке айыптау үкімі жарияланды.

2017 жылдың наурыздың 30 күні таңертеңгілік уақытта сотталушы А. өзінің тұрақты мекен-жайынан серуендеуге шығып, үй маңындағы дүкеннен 2 шөлмек спирттік ішімдік сатып алып, оны үй ауласындағы гараждар арасында отырып ішкен. Түскі мезгілде үйіне оралып, анасымен сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Алкогольді еліту жағдайында анасын өлтіру пиғылы туындап, бет-тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, асхана пышағымен бірнеше рет анасының кеуде және іш қуысынан пышақ салған. Алған дене жарақаттары салдарынан анасы қайтыс  болған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі