Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық орталық ауруханасы азамат Н-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген. Өткізілген сараптама қорытындысы, оның кәнігі маскүнем екендігін және оның алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететіні жайлы қорытындыға келген.

Сот отырысында, арызданушы өкілі алкоголизм дертіне шалдыққан Н-ның нарколог дәрігердің есебінде тұратынын, ол өз еркімен емделуге бармайтынын және ішкілік ішкенді қоя алмайтынын, ішімдікке салынып бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шаралар көрілгенін, еріксіз емдеуді қажет ететінін атап көрсеткен.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 130 бабының 2 бөлігіне сәйкес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары алкоголизмнен емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.

Сот шешімімен Арал аудандық орталық ауруханасының арызы қанағаттандырылып, азамат Н. алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу үшін 6 айға еріксіз емдеуге жіберілді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі