Алаяқтық жасаған сотталушы жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып бере алатынына сендіріп жәбірленуші Ж-дан 283 000 теңгесін,  жәбірленуші М-дан 130 000 теңге, жәбірленуші Г-ден 70 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Сот, сотталушы А-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танып, қылмыс жолымен табылған немесе қылмыс жолымен табылған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеп, 2  жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, Тәуелсіздігіне жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңының 2-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сай, тағайындалған негізгі жаза 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын өтеуден босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі