Алаяқтық жасаған азаматша сот залынан қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Ж. жәбірленуші Д-дан комуналдық бағдарламамен пәтер алып бере алатын таныстарының барын айтып сендіріп, 1 500000 теңге алдап алған.

Осыдан кейін, қылмыстық әрекетін жалғастырып жәбірленуші Д-ның қарындасы З-ға да пәтер алып бере алатын танысын барын айтып сендіріп, 1 500000 теңгесін деп алдап алып, жымқырып, бас пайдасына жаратып алаяқтық жасаған.

Жәбірленушілер сот отырысы барысында сотталушыдан келтірген шығынды өндіріп беруін, өтемеген жағдайда бас бостандығын айыратын жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімі бойынша сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, қылмыс жолымен табылған қаражатқа алынған мүлкі тәркіленіп, 3  жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.   

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі