3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азаматша А-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы А. Тереңөзек кенті, Тоқтыбаев көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде  болғандығы  анықталған.

Сот құқық бұзушы А-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен  кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу  құқығынан  айырды.            

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан