Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Бақытбек Елшібеков Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген  құқық бұзушылық жасаған азамат А.-ға қатысты ақпарат берді.

Бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, құқық бұзушы А. алкогольдік масаң күйінде, әйелін балағаттап, сыйламаушылық көрсеткен. 2017 жылдың 17 қыркүйектегі тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында өзіне Жаңақорған АІІБ-мен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған. Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып әкімшілік  қамаққа  алынды. 

Брифинг соңында БАҚ өкілі аталған әкімшілік іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі