Жалағаш аудандық сотында үш жақты Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында аудандық сот, аудан прокуратурасы және Жалағаш АІІб арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сот төрағасы өз сөзінде, Асылхан Мизанбаев Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының кеңейтуге, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағытталғанын айтып, халық арасында бітімгершілік рәсімдерін таратуда өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Іс-шара соңында сот төрағасы Меморандум аясында атқарылатын іс-шаралар жайында сөз қозғап, мәжіліске қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі