Жалағаш аудандық сотында 2017 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, судья, сот кеңсесінің қызметкерлері және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаев қатысты.

Баспасөз конференциясында аудандық сотта 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Өз сөзінде сот төрағасы Асылхан Мизанбаев ағымдағы жылдың 9 айында аудандық соттың өндірісіне барлығы 96 қылмыстық  іс, 492 азаматтық іс, 330 әкімшілік іс, сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, 2017 жылдың 9 айында үн бейне жазбасына жазу арқылы  барлығы 918 іс  қаралғанын атап өтті.

2017 жылғы 9 айда «Сот кабинеті» арқылы 492 талап арыз түсті, бұл барлық түскен талап арыздың 100 пайызын құрайды.

Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалар тарапынан судьялар мен сот қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты шағым түспеген.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясы барысында сот төрағасы А.Мизанбаев жаңадан заңдарға енгізілген өзгерістер туралы  айтып өтті.

Баспасөз-конференциясы қорытындысы бойынша сот төрағасы А.Мизанбаев тілші С.Бертаевтың қойған сұрақтарына жауап берді.  

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі