Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ш. бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында,  Байқоңыр ғарыш айлағындағы орналасқан қоймаға заңсыз кіріп, «КПВБ-0 52*2,5 мм2» маркалы ұзындығы 831,6 метр кабельдерін кесіп жинап алып, ұрлық жасау барысында Ресей Федерациясының Байқоңыр кешеніндегі ІІБ-нің полиция қызметкерлерімен ұсталған. Нәтижесінде жәбірленушіге 4 536 767 теңге көлемінде мүліктік залал келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы Ш. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі