«Тараптарды сотқа шақыру» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі мен сот  қызметкерлерінің қатысуларымен «Тараптарды сотқа шақыру» тақырыбы бойынша   семинар өткізілді.

Семинарда кеңсе меңгерушісі іс бойынша сот отырысына тараптарды, сондай-ақ қатысуға тартылған өзге де адамдарды шақыру қағидасы туралы айтып  берді.

Осы тақырыпты талқылау барысында іске қатысатын адамдарды хабарландыру дұрыстығының қажеттілігі туралы атап өтілді, өйткені тараптарды тиісті түрде хабарландыру сот процестерін қарау үшін негіз болып табылады.

Семинар қорытындысын шығара отырып, кеңсе меңгерушісі тараптарды сот отырысына шақыру кезінде заңнаманың талаптарын сақтау қажеттілігі туралы атап көрсетті.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі