Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша қаралған істерге қатысты брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында аудандық сот төрағасы Абдрахман Абдулланың, судья Жолдасов Жарастың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып, ағымдағы жылдың 9 айында аудандық сотта  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабымен (көлік құралын масаң күйде басқаруы) 53 әкімшілік іс қаралып, істерді қарау нәтижесімен 52 құқық бұзушы жазаға тартылғанын, 1 әкімшілік іс өндірістен қысқартылғанын және осы баппен қаралған әкімшілік істер бойынша 12 жеке қаулы қабылданғанын, ал 2016 жылдың 9 айында аталған санатта 42 әкімшілік іс қаралып, істерді қарау нәтижесімен 42 құқық бұзушы жазаға тартылғанын, осы баппен қаралған істер бойынша 9 жеке қаулы қабылданғанын жеткізді.

Сонымен қатар, аудандық сотта жоғарыда аталған санаттағы әкімшілік істер жалпы сот өндірісіне түскен 225 әкімшілік істің 23,5 пайызы, яғни бұл жалпы қаралған істердің төрттен бір бөлігі «жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, масаң күйдегі адамның басқаруына беруге» қатысты істерді құрағандығын  атап өтті.

Шара соңында сот төрағасы А.Абдулла БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан