Сот процесіне студенттер қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлімінің 3-тармағымен және 296-бабының 4-бөлігімен айыпталған сотталушы А-ға қатысты қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесіне Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің 2 курс студенттері қатысты.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Ахметов Молдабек Меңлібайұлы жетекшілік ететін студенттер жоғарғы оқу орнында теориялық  білім алса, сот процесіне қатысып, білімдерін тәжірбиемен ұштастырды.

Студенттер сот процесін көздерімен көріп, біраз нәрсені көңілдеріне түйді  Мұндай тәжірибе болашақ заңгерлер үшін маңызды екенін ескерген студенттер осы тектес іс шаралардың жүйелі түрде ұйымдастырылса екен деген пікірлерін білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі