Сот борышкерге іздеу жариялау туралы ұсынысты қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотымен жеке сот орындаушысының кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат Е-ге іздеу жариялау туралы ұсынысы қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 45 бабының 1 бөлігіне сәйкес, борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті.

Жеке тұлғалар жөніндегі мемлекеттік мағлұматтар базасындағы мәліметтер бойынша борышкер Арал қаласы, Бекарыстан би көшесі №1 үйде тіркеуде тұратыны, алайда, атқарушылық іс әрекеттер жүргізу барысында борышкердің сот бұйрығында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтыны анықталған.

Сот осы аталған мән-жайлардың негізінде жеке сот орындаушының ұсынысын қанағаттандыру жөнінде ұйғарым қабылдады.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі