Пилоттық жобаны түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиацияны ел арасында кеңінен насихаттау және ел татулығын сақтау мақсатында, Жоғарғы соттың төрағасы Қ.Мәмидің – «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәптібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша» пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені бекітті.

Қазіргі таңда осы ережені қолданысқа енгізу барысын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, осыған орай Қызылорда облысы бойынша «Медиацияны дамыту ортылығымен» дөңгелек үстел өткізілді.   

Аталған шараға Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының кеңсе меңгерушісі М.Асанова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қызылорда облысы бойынша «Медиацияны дамыту орталығының» директоры Л.Бактибаева пилоттық жоба 2017 жылдың ақпан айынан бастап іске қосылып, шілде айына дейін жалғасатынын, пилоттық жобаның мақсаты даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын,  пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту және азаматтардың сот шығындарын барынша азайту екенін атап өтті. Сонымен қатар аталған жобаның қолдану аясы мен негіздері талқыланды.

Шара соңында Л.Бактибаева қатысушылардың сауалдарына толық жауап қайтарып, оларға аталған жобаны насихаттау жұмыстарына өз үлестерін қосуға шақырды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотының баспасөз қызметі