Өзінің әйелін ұрып соққаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы, Қарабалаев көшесінде орналасқан үйде әйелі С-ны ұрып, тән ауруына ұшырататын, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған.

Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, жәбірленушінің арызы мен түсінігімен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденіп бекітілді.

Сот құқық бұзушы А.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 /он/ АЕК көлемінде  22 690 /жиырма екі мың алты жүз тоқсан/ теңге айыппұлды 30 пайызға қысқартып, 15 883 (он бес мың сегіз жүз сексен үш) теңге салды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі