Өзбекстан Республикасының 3 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жанақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары жеке мақсатпен келдім деп, келу мақсатына сай болмай, ауызша мәміле жасап, құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген, сондай-ақ тіркелген мекен-жайларында болмаған.

Сотта Өзбекстан Республикасының азаматтары өз кінәларын мойындап, шын жүректен өкініп, тіркелген мекен-жайларында болмағанын, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.

Аудандық соттың қаулыларымен шетел азаматтары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 және 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен Қазақстан Республикасының шекарасынан әкімшілік  жолмен  шығарылып жіберілді. 

Сот қаулылары заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі