Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «О» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны сотқа талап қою арызын беріп, онда жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың 4 шілдесінде тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 24.07.2017 жылға дейін жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

 ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.        

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі