Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі мен сот мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықты алдын алу тақырбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы Г.Салимова өз сөзінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі, барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылатынын айтты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау жайлы мәселелер талқыланып, тақырып аясында өзекті сұрақтарды қамтыған баяндамалар жасалды.

Іс-шараға қатысушылар өздерінің осы бағытта туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары туралы өзара пікірлерімен бөлісті.

Кеңсе меңгерушісі м.а. Г.Салимова әр маманға бұрмалаушылықтарды болдырмау мақсатында барлық көрсетілген нұсқаулықтарды қатаң сақтау және өз міндеттерін адал орындау туралы ескертіп, семинар сабағын қорытындыланды.                                

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі