Қызылорда облысы соттарында сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы сенбілік өткізді. Шара барысында қызметкерлер сот мәжіліс залын, кеңсе кабинеттерін тазалап, қабырғаларын әктеп,  белсенді жұмыс жасады.

Сенбілік соңында кеңсе меңгерушісі М.Асанова осындай сенбіліктер алдағы уақытта жиі өткізіліп тұруы қажет екенін атап өтті. 

 

Қызылорда қалалық №2  сотының ұжымы сенбілік өткізді. Сенбілік барысында ер азаматтар ғимараттың сыртында арықтарды тазалау жұмыстарымен  айланысты.

Ал, әйел азаматшалар кабинеттер мен сот залдарын тазалап, терезе әйнектерін сүрту жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке  белсене  атсалысты. Сенбілік өткізу шарасы сотта сот ғимараты мен оның қоршалған аумағында тазалықты сақтау мақсатында өткізіліп тұрады.

 

Сот ғимаратын және оған тиісті аумақтарды тазарту мақсатында Қазалы аудандық сотында  сенбілік өтті.

Аудандық соттың қызметкерлері сенбілікке белсенді қатысып, ауланы қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтап, оларды баптап, тазалау жұмыстарын жүргізді және арықтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

     

Бүгін қылмыстық сот ұжымы сенбілік өткізді. Бұл сенбілікке сот қызметкерлері атсалыса қатысып,  ғимарат ішін, сот залдарын, кабинеттер мен дәліздерді тазалады. 

«Тазалық денсаулық кепілі»,- дегендей таза жерде денсаулығымыздың да жақсы болуы өзімізге байланысты. Айналамызды таза ұстау өзімізге жақсы, басқаларға үлгі.

Тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Шиелі аудандық сотының ұжымы белсенділік танытып, ұйымдасқан түрде, ең бастысы көтеріңкі көңіл–күймен көктемгі сенбілікке шықты.

Жұмыс та жанданып кетті. Біреулері ернеуді бояды, біреулері көгалды қураған ағаштардан, жапырақтардан тазалап, қоқысты жинап, алып кетуге дайындап қойды. Жұмыстың негізгі қаруы сыпыртқы, күрек, тырма болды.

Кеңсе мамандарының белсенді қатысуының арқасында сот мекемесінің аумағында тиісті тиянақтылық орнады.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі