Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Кентбаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Д.Кентбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен қаралған Ә-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ә. жәбірленуші Ш-ның сеніміне кіріп, өзінің таныстары арқылы оның баласын темір жол мекемесіне жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, сендіріп, соңғының әйелінен 500 000 теңге, кадр бөлімінен бұйрық шығарту үшін  қажет болып жатыр деп 250 000 теңге, барлығы 750 000  теңге ақшасын алдап алған.

Бұдан соң сотталушы Ә. қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып, танысы Т-ны таныстары арқылы бір мекемеге күзетші етіп жұмысқа тұрғызып беретінін жалған мәлімдеп, сеніміне кіріп, одан 80 000 теңге алып, алаяқтық жолмен иемденген ақша қаражаттарын өзінің жеке басына жаратқан.

Сөйтіп ол, бөтеннің мүлкін бірнеше рет алдау жолымен иемденіп, меншікке қарсы қылмыстарды жасаған. Оның бұл қылмыстық әрекеттері, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Алайда, кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің көмегімен «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес, сотталушы мен жәбірленушілердің арасында татуластыру рәсімдері өткізіліп, нәтижесінде тараптар татуласып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде өтініштер білдірген.

Осының негізінде сотталушы Ә. Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылған.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі