Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Кұтыбаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Е.Кұтыбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)-тармағымен қаралған КҚ-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. 2017 жылдың маусым айында өзінің тұрғын үйінің ауласына құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған 21 түп сора өсімдіктерін ірі мөлшерде егіп, өсірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттары және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі