ҚР Жоғарғы Сотымен бейне дәріс сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен аудандық соттардың судьялары үшін қашықтықтан оқыту бойынша «Сот жюриінің жұмысы (судьялардың тәртіптік жауапкершілігі) туралы» тақырыбында бейне дәріс сабағы өткізілді.  

Дәріске облыстық соттың  алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, оның ішінде 1-3 жылға дейін судьялық өтілімі бар судьялар қатысты.

Бейне дәріс сабағы соңында ұсынылған тақырып бойынша қатысушылар жан-жақты талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті.  

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі