Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат  А. автокөлігін Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі бойында алкагольді масаң күйде басқарған.

Аудандық соттың қаулысыменқұқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жылға көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.                                                      

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі