Қоғамдық пікір туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотының төрағасы М.Тұрғанбаев 10 наурыз 2015 жылы жергілікті «Байконур» газеті өкілінің қатысуымен қоғамдық пікір туғызатын қылмыстық істер бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы сот өндірісінде жәбірленушінің өліміне әкеп соқтарған ауыр дене жарақатын салып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 103-бабы 3-бөлімімен айыпталған сотталушы С.-ке қатысты және аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдау мақсатында заңсыз сақтағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімімен айыпталған сотталушылар К. мен Д.ға қатысты қаралған қылмыстық істер бойынша деректер келтірді. Сонымен қатар, брифингте кінәні мойындау түрінде процессуалдық келісімге келу мәселесі жөнінде сөз қозғалды.

Брифинг соңында сот төрағасы БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі