Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында  азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Т. қоғамдық орында темекі қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Т. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшін енген жоқ.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі