Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ж. Жаңақорған кенті М.Көкенов көшесінің бойында орналасқан орталық базарда кент тұрғыны азаматша Н-ға былапыт сөйлеп, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. 

Сот отырысында азамат Ж-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар, іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Аудандық соттың қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. 

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі